Павлодар облысында полицейлер заңсыз қоқыс үйінділеріне қатысты рейд жүргізді
Павлодар облысында полицейлер республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы аясында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында қоқысты заңсыз шығару және төгу бойынша екі дерек әшкереленді. Қала көркін сақтау қағидаларын бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды.
– Мұндай рейдтер жүйелі түрде өткізіліп тұрады және олар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін бей-берекет қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алуға бағытталған, – деп атап өтті полицейлер.
Тәртіп сақшылары қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.