Павлодар облысында полицейлер жасөспірімдерге профилактикалық дәріс өткізді
Павлодар облысында полицейлер жасөспірімдерге профилактикалық дәріс өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының басты назарында жолдағы қауіпсіздік мәселесі болды. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көшеден өткенде мұқият болу және қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш құралдарды пайдалану қажеттігі еске салынды.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің өз әрекеттеріне жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларын түсіндіріп, құқыққа қарсы әрекеттердің салдарын мысалдар арқылы көрсетеді. Бұдан бөлек, буллингтің алдын алуға ерекше назар аударылады.
— Кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыс – ішкі істер органдары қызметінің маңызды бағыты. Бұл жұмыс өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға бағытталған, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.