Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер жол қозғалысындағы бақылауды күшейтті

"Тасымалдаушы" жедел алдын алу шарасы аясында Павлодар облысында полицейлер жол қозғалысындағы бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жеке тұлғалар тарапынан заңсыз жолаушылар және жүк тасымалдау, сондай-ақ жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың алдын алды. Екі тәулік ішінде тәртіп сақшылары 282 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. Айта кету керек, такси және қоғамдық көлік жүргізушілері көп жағдайда ең қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды.

58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған,20 жүргізуші көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған, 2 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан,— деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Павлодарда полицейлер Ракетная көшесінде Toyota Alphard көлігінің жүргізушісін тоқтатып, тексерген. Тексеріс барысында ол жолаушы тасымалдайтын платформа арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан. Мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарлама бермей және тіркемей, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын такси ретінде пайдаланғанда міндетті "Т" белгісімен жабдықтамаған. Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды.

Такси қызметін пайдаланатын жолаушы өзінің қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс. Полиция қызметкерлері барлық тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты — құқықтық тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды элементі. Ол заң бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру