Павлодар облысында полицейлер жолаушылар тасымалына бақылауды күшейтті
Павлодар облысында полицейлер жолаушылар тасымалына бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданында тәртіп сақшылары жолаушылар тасымалы мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты 10-нан астам бұзушылықтың жолын кесті.
Мысалы, Омбы-Майқапшағай автожолында қарсы қозғалысқа арналған тұтас жолақты кесіп өткен және жол белгісін елемеген Lexus көлігі тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді.
Полиция азаматтарды Заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.