Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер жолда көліктері бұзылған жолаушыларға көмектесті

Павлодар облысында полицейлер жолда көліктері бұзылған жолаушыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұрасыл Аймекенов пен Бауыржан Ахметов құрамындағы полиция экипажы жолда дөңгелегі жарылған Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісіне көмектесті.

 – Павлодар – Қарасуық автожолын патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған көлікті байқап, жүргізушінің тоқтау себебін сұрадық. Оның қаладан Луганск ауылына бара жатқанын және жол бойында артқы дөңгелегі жарылғанын білдік. Осыдан соң оған қосалқы дөңгелекті ауыстыруға көмектестік. Көліктің жарамды күйде екеніне көзіміз жеткеннен кейін біз қызмет атқаруды жалғастырдық, – деді қызмет инспекторы Нұрасыл Аймекенов.

– Мен ауылға жолға шығып, жолда аязда далада қалатынымды білмедім. Доңғалағым «ұшып кетті», бірден тоқтадым, айналамда ешкім жоқ. Дала аяз болды, мен абдырап қалдым және не істеу керектігін білмедім, сонымен қатар дөңгелекті ауыстыру үшін қажетті кілтім де болмады. Полиция қызметкерлерінің маған келе жатқанын көріп, қуанып кеттім. Жігіттер менен не болғанын сұрады, көліктің бұзылғанын білгенде олар дөңгелекті ауыстыруға көмектесті. Кейін көлік құралының жарамды күйде екеніне көз жеткізіп, жұмыстарын жалғастыруға кетті. Мен жолдағы төтенше жағдайда көмек көрсеткені және жүргізушілерге жанашырлықпен қарағаны үшін полицияға өте ризамын, – деп жазды жүргізуші.

Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушілерге, әсіресе қыста, температураның өзгеруіне байланысты, автокөлікке тиісті техникалық қызмет көрсетуді, мұқият жүргізуді, алдын ала жылы заттар мен азық-түлік қорын жинауды, байланыс құралдары туралы ұмытпауды ұсынады.

Айта кетейік, бұл Павлодарлық полицейлердің қысқы трассада қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көрсеткен алғашқы көмегі емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру