Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлерге арналған мобильді академия курстары өткізілді

Павлодар облысында полицейлерге арналған мобильді академия курстары өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Курстарды ұйымдастырушылар – ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі Нелля Саханова және көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы Қуат Ерланұлы.

– Негізгі мақсат – қазақстандық полицияның практикалық қызметінде қолданылатын жаңа стандарттар мен модельдерді үйрету. Қызметтен қол үзбей-ақ, полиция қызметкерлері өздерінің басқарушылық қызметінде қолданатын тұжырымдамаларды меңгерді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.

Мұндай сабақтар полиция жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, халықтың сенімін нығайтуға да бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру