Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция 200-ге жуық борышкерді іздестірді

Жыл басынан бері Павлодар облысында полиция 200-ге жуық борышкерді іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздестіру – көші-қон қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Көші-қон полицейлері алимент төлемеген борышкерлер және туыстарымен байланысын жоғалтқан адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

– Мысалы, полицейлер іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынының орналасқан жерін анықтады, ол өзінің алты кәмелетке толмаған баласын асырауға үш миллион теңгеге жуық қарыз болды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Елеутаев.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында 192 борышкер іздестірілді, оның 159-ын полиция қызметкерлері анықтап, сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушыларына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, үш айдан астам уақыт бойы балаларды немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру