Павлодар облысында полиция алаяқты қолға түсірді
Павлодар облысында полиция алаяқты қолға түсірді – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Павлодар облысының аумағында жылжымайтын мүлікті заңсыз қайта ресімдеуге байланысты алаяқтық фактілерін жасады деп күдіктелген облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.
– Анықталғандай, 2021 жылдан 2023 жылға дейін күдікті халықтың әлеуметтік осал топтарынан зардап шеккендерді тауып, иелері ақшалай пайда мен басқа пәтер алуы үшін оларға пәтерді тиімді сатуға уәде берді. Алайда, жылжымайтын мүлікті сатқаннан кейін келісілген соманы қайтармады, соңғысын тұрғын үйсіз қалдырды, – дейді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Қазіргі уақытта ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицияда 10-нан астам эпизод тіркелген. Күдікті қамауға алынды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық—процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.