Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция автожолдарды тексерді

Павлодар облысында полиция автожолдарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-техникалық инспекция қызметкерлері автомобиль жолдарының жай-күйіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырып келеді. Бұл жұмыс кешенді, тоқсан сайынғы, нысаналы және бақылау тексерулерін жүргізу, сондай-ақ нұсқаулықтар мен белгіленген нормативтерге сәйкес күнделікті қадағалау арқылы атқарылады.

– Тек қаңтар айында жалпы ұзындығы шамамен 3045 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында 140 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 203 жол ақауы анықталды. Жолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 24 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығарғаны және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаға көлік басқаруға рұқсат бергені үшін 8 адам жазаланды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Жол-техникалық инспекциясы жол қызметтерімен күн сайын өзара іс-қимыл жасап, автомобиль жолдарының жай-күйі мен қысқы күтіміне тұрақты бақылау жүргізуде. Әсіресе ауа райы қолайсыз кезеңдерде – қар жауу, боран және көктайғақ кезінде қадағалау күшейтіледі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру