Павлодар облысында полиция аязды күні далада тоңып қалған адамды құтқарды
Павлодар облысында полиция аязды күні далада тоңып қалған адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында полиция қызметкері жұлдызы оңынан туған азаматты қалай құтқарғаны жайлы бөлісті.
– Павлодардан Нұрлы жол автожолымен Ақсу кентінің бағытында жол бойымен ер адам келе жатқанын жазды. Содан кейін мен бұл адамды іздеуге дереу шықтым. Адасқан адам әпкесінің телефонына қоңырау шалып үлгерген екен. Іздеу шаралары кезінде маған азаматтың әпкесі қоңырау шалып, оның ағасы далада тоңып қалғанын түсіндірді. Одан ағасының телефон нөмірін алып, қоңырау шалып онымен сөйлестім. Мен ол сипаттаған жоғалған жерді тез шарлап, көп ұзамай жоғалған ер адамды таптым. Ол мас күйде болған, әлсіреп, қатты тоңып, далада ұйықтап қала жаздаған. Мен оны Ақсу кентінің полициясының учаскелік пунктіне көлікпен апардым, содан кейін жедел жәрдем көлігіне тапсырдым, – деді учаскелік полицей Рамазан Сағындықов.
– Сол күні кешке мен үйге тезірек жеткім келді, содан дала арқылы өтетін жолды кесіп, қашықтықты қысқартуды шештім. Бірақ мен бағдарымды жоғалтып алдым және қай бағытта жүру керектігін білмедім. Далада қатты аяз болды. Мен қатты тоңып қалғандықтан, олар мені таба алмайды деп ойладым. Бірақ менің жұлдызым оңынан туған екен, қиындықтан сәтті өттім, мені полиция қызметкері тапты, – дейді Андрей.
Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Рамазан Сағындықовтың сауатты әрекеттері ауыл тұрғынын іздеуде шешуші факторлар болды. Егер оның көмегі болмаса, ер адам далада үсіп қалуы мүмкін еді. Айта кетейік, бұл Павлодар облысы Ертіс өңірі полицейлерінің күшімен қыстың қаһарына тап болған адамның өмірін бірінші рет құтқаруы емес.