Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция департаменті кадр қызметінің жұмысын қорытындылады

Павлодар облысында полиция департаменті кадр қызметінің жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінде кадр қызметінің атқарған жұмысы қорытындыланып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды.

Кеңесте бос лауазымдарды уақтылы толықтыру, қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға жолдау, ардагерлер ұйымдарының қатысуымен тәлімгерлікті дамыту, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту секілді маңызды мәселелер қаралды.

– Құқық қорғау саласындағы тұрақтылық пен кәсібилікті қамтамасыз ету үшін уақыт талабына сай әрекет етіп, әрбір қызметкерді кәсіби және адамгершілік тұрғыда қолдау – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта Ішкі істер министрі бекіткен жеке құраммен жұмысты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыруымыз қажет, – деді ПД бастығының орынбасары Жандос Орынбаев.

Аумақтық бөлімшелердің бастықтары мен инспекторлық құрамға арналған оқу-әдістемелік жиын барысында полицияның кадрлық жұмысын реттейтін заңнамадағы жаңашылдықтар таныстырылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.

Кеңес соңында кадрлық жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты шаралар айқындалып, құқық қорғау жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру жолында маңызды қадамдар белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру