Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция есепте тұрған адамдарды тексеруді күшейтті

Павлодар облысында полиция есепте тұрған адамдарды тексеруді күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері түрлі есепте тұрған адамдарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

– Мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысының маңызды бөлігі болып табылады және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ елді мекендерде жалпы тәртіпті нығайтуға бағытталған. Тексерулер белгілі бір себептермен бақылауда тұрған азаматтар арасындағы жағдайды қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есепте тұрған азаматтардың мінез-құлқын түзетуге және неғұрлым ауыр оқиғалардың туындауына жол бермеуге көмектеседі, – дейді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Нұрбек Түсіпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру