Павлодар облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға жадынамалар таратты
Павлодар облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға жадынамалар таратты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция азаматтарға қырағы болуды және алаяқтардың қулықтарына түспеуді ескертеді.
Полицейлер Успен ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда. Халық жиындарын өткізу барысында полиция инспекторлары Успен ауданының тұрғындарына буклеттер мен жадынамалар таратты.
Алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдерінің бірі — сайттарда тауарларды сату туралы хабарландырулар орналастыру. Әдетте, алаяқтар құрбандарын төмен бағамен және тиімді ұсыныстармен тартады және қолма-қол ақшаны электронды әмиянға немесе банктік шоттарға аудару арқылы алдын ала төлемді аударуды талап етеді.
Полиция ескертеді: интернеттегі банктік қызметтерге байланысты телефон нөмірін ешқашан көрсетпеңіз. Нөміріңізді және карта деректерін бейтаныс адамдарға бермеңіз. Бұл ақпаратты промоутерлер әртүрлі конкурстарға немесе әлеуметтік желілерге қатысу үшін тарататын сауалнамаларда көрсетпеңіз. Бұл телефон нөміріне электрондық пошта, әлеуметтік медиа және электрондық әмиян тіркелгілерін байланыстырмаңыз.