Павлодар облысында полиция профилактикалық рейд жүргізді
Павлодар облысында полиция профилактикалық рейд жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаз мезгілінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп су айдындары бойынша аулаларды аралау мен рейдтер жүргізді. Ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларды ересектердің, әсіресе су айдындарының қарауынсыз ұзақ уақытқа қалдыруға жол бермеу жөнінде брошюралар мен жадынамалар таратылды.
- Аудан аумағында Ертіс өзенінің жанында заңды өкілдерінсіз жүрген екі кәмелетке толмаған бала байқалды. Ата-аналармен және жасөспірімдермен әңгіме жүргізілді. Ата-аналарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге шақырамын. Оларға жақын орналасқан тоғандары бар жерлерге өз бетінше баруға жол бермеңіздер. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау — әрбір ата-ананың басты міндеті, - деп атап өтті Павлодар облысы Аққулы ауданы бастығының орынбасары Серік Үсенов.