Павлодар облысында полиция тұрғылықты мекенжайы жоқ тұрғындарға көмек берді
Павлодар облысында полиция тұрғылықты мекенжайы жоқ тұрғындарға көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қатты аязға байланысты полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ, туыстық байланыстарын жоғалтып, баспанасы болмағандықтан көшеде өмір сүруге мәжбүр азаматтар шоғырланатын орындарда рейдтік іс-шараларды күшейтті. Бұл кезеңде полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі — азаматтардың үсіп қалуына және басқа да ауыр салдардың алдын алу.
— Мәселен, Ломов – Ворушин көшелерінің қиылысында жылу трассасының маңынан барар жері жоқ, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар анықталды. Аталған азаматтар қабылдау-бөлу орнына жеткізілді. Мұндай рейдтерді біз күн сайын өткіземіз, алайда осы күндері олар күшейтілді. Айта кету керек, жыл басынан бері біз 147 тұрғылықты мекенжайы жоқ адамды орналастырдық. Қабылдау барысында барлық азаматтар бірқатар рәсімдерден өтеді: фото-бейне есепке алынады, саусақ іздері тіркеледі, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендер тізімімен салыстырылады. Туыстары болған жағдайда, азаматтың бізде екендігі туралы хабарлаймыз, — деп мәлімдеді Павлодар қалалық ПБ-ның тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орны бастығының орынбасары Асылбек Хаербаев.
Полиция қабылдау-бөлу орны тәулік бойы жұмыс істейтейтінін ескертеді. Егер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар мазасыздық тудырса, үйлердің жертөлелері мен подъездерінде жүрсе, немесе көшеде үсіп қалу қаупі туса, 102 нөміріне хабарласу керегін еске салады.
