Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция ЖҚЕ бұзған 66 мыңнан астам құқық бұзушыны анықтады

Павлодар облысында полиция ЖҚЕ бұзған 66 мыңнан астам құқық бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полиция 102 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті. 870 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

– Тек жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 66 572-ден астам құқық бұзушының, оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін 768 жүргізушінің жолын кесті. Сот көлік құралдарын жүргізу құқығынан – 595 жүргізушіні айырды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы жылдың басынан бастап “Оракул”, “Кибер-Шериф”, “ZEREK-2” АӨК стационарлық жылдамдық өлшегіштерімен бұзушылықтарды анықтау жүйелерімен 324 млн теңгеден астам сомаға орындау үшін 22 мың 372 ұйғарым тіркелді, сондай-ақ шамамен 16 млн теңге сомаға өткен жылдардағы айыппұлдар өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру