Павлодар облысында полицияға жалған қоңырау шалған екі азаматқа айыппұл салынды
Павлодар облысында полицияға жалған қоңырау шалған екі азаматқа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек жылы сағат 22:35 шамасында Екібастұз полициясына отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Мас күйінде 53 жастағы әйел Ломоносов көшесіндегі пәтерде отбасылық жанжал болып жатқанын хабарлады.
Аталған мекенжай бойынша учаскелік полиция инспекторлары дереу жолға шықты. Есікті әйел ашқан. Одан басқа пәтерде күйеуі болып, ер адам тыныш теледидар көріп отырған. Күйеуі полиция шақырудың себебін тәртіп сақшыларына түсіндіре алмаған.
Барлығын видеожетонға түсіргеннен кейін полицейлер өтініш берушінің телефонына қоңырау шалып, телефон абоненті осы пәтерде тұратын жұбайына тиесілі екені анықталды. Ол жолдасының балалары туралы пікірін ұнатпағанына байланысты полиция шақырған. Пәтерде ешқандай заңсыз әрекеттер болмағаны анықталды.
3 қыркүйек күні сағат 23:21 шамасында 54 жастағы әйел көршілерінде отбасылық жанжал болып жатқаны жайлы шағымдан. Учаскелік бөлімшелер дереу шақыруға шығып, жағдайды тексерген. Белгілі болғандай, пәтерде ерлі-зайыптылар ұйықтауға дайындалып жатқан.
– Учаскелік инспекторларға қоңырау шалу жағдайларын анықтауға бір сағатқа жуық уақыт кетті. Анықталғандай, әйел мас күйінде полицияға қоңырау шалып, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді хабарлады, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қанат Кәрімжанов.
Екі қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 30 АЕК (103500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
– Азаматтар полицияға қоңырау шалып, көмек күтетінін түсінуі керек. Өрт сөндірушілер, жедел жәрдем немесе полиция болсын, арнайы қызметтердің уақытылы келуі оларды күткен кез келген адам үшін өте маңызды. Алайда, ойдан шыққан оқиғаға жалған шақыру біреудің өмірін қиюы мүмкін екенін түсінбейтін адамдардың санаты бар. Сондықтан біз азаматтарға қызметімізге түсіністікпен қарауға және көмек қажет болған жағдайда ғана полиция шақыруларыңызды сұраймыз, – деп қосты Қанат Кәрімжанов.