Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында пробация есебінде тұрған тұлғалар үшін музейге экскурсия ұйымдастырылды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 5 наурыз күні Шарбақты аудандық музейінде танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Шарбақты ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара аясында қатысушыларға музей бойынша шолу экскурсиясы жүргізіліп, аудан тарихымен танысуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар «Елдің лайықты әйелдері» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында Шарбақты ауданының тарихында өзіндік із қалдырған, ел дамуына үлес қосқан ардақты әйелдер туралы мағлұмат берілді.

Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың тарихи-мәдени танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қоғамдағы әйелдің рөліне құрмет сезімін қалыптастыру.

Санитарлық нұсқаушы Евдокия Петрухина, жүргізуші Мария Засько және Дедушка Екимов атындағы партизан отрядының жауынгері Тамара Алексеевна фашизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты.

Сонымен қатар әйелдер ел экономикасын қалпына келтіруге, өнеркәсіпті дамытуға және ауыл шаруашылығын өркендетуге белсене қатысты.

Олардың қатарында: Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, Шевченко атындағы колхоздың сауыншысы – Әмина Сәрсембаева; тігінші-моторист, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Мария Ермилова; еңбек және кәсіподақ қозғалысының ардагері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері – Надежда Никитина; Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері – Надежда Камшук; денсаулық сақтау ісінің үздігі – Гаухар  Джаркенова бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру