Павлодар облысында қарағайды заңсыз кескен азамат құрықталды
Павлодар облысында қарағайды заңсыз кескен азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шарбақты ауданы, Шалдай ауылында тұратын азаматқа досының «Ертіс Орманы» МОТР РМК Шалдай филиалының дала орманшылығындағы бұрын заңды түрде орылған өлі бөренелерді көлікпен тасу қажет болған. Алайда досының ағаштарын тиегеннен кейін, азамат пайдакүнемдік мақсатпен тағы сегіз текше метрден астам өсіп жатқан қарағайды кесіп алған. Үйге қайтып келе жатқанда ол жердегі 13 қарағай бөренелерін көріп, оны өзімен бірге алып кеткен. Қылмыстық әрекеттің залал сомасы 700 мың теңгеге жуық. Аталған бап бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) және 188-баптары (Ұрлық) бойынша кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасының тағайындалуына байланысты сотталған пробация қызметінің есебіне алынды.
– Енді есепте тұрған адам апта сайын тіркеуге келуі және мінез-құлқы туралы есеп беруге, жазаның тәртібі мен шарттарын сақтауға, сот белгілеген міндеттерді орындауға, осымен бірге ол 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған, ал пробация қызметінің инспекторы учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексереді, – деді Шарбақты аудандық пробация қызметінің бастығы Махмуд Китиев.