Павлодар облысында қараусыз қалған бірнеше ірі қара малды пойыз басып кетті
Павлодар облысында қараусыз қалған бірнеше ірі қара малды пойыз басып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежеуді қолданып, үй жануарларын қағып кетудің 5 фактісі тіркелді. Павлодар облысының Май – Жұмыскер және Жұмыскер – Көктөбе аралықтарында бірден осындай екі жағдай орын алды. Екі ірі қара мал жолаушылар және жүк пойыздарының астына түскен. Теміржол көлігінің жоспарланбаған жалпы тоқтау уақыты 33 минутты құрады.
Осыған ұқсас жағдай Абай облысының Суықбұлақ-РЗД-6 аралығында болды. Екі ірі қара мал теміржол төсемінде болғандықтан байланысты жүк пойызы машинисінің шұғыл тежеу қолдануына тура келді.
Мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Қарағанды облысының Қызылжар – Жеңіс аралығында үш жылқы, ал Шымкент станциясында үш ұсақ мал жүк пойызының астына түскен. Пойыздардың тұру уақыты екі жағдайда да 11 минутты құрады.
Аталған фактілер бойынша да үй жануарларының иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік полицейлері тұрғындарға теміржол маңында үй жануарларын жаю кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін тағы да еске салады.