Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген 100 жылқының иесі анықталды
Павлодар облысы Успен ауданының полицейлері күн сайын ауыл шаруашылығы жануарларын еркін жаюға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Чернорецк – Успен – Шарбақты автожолында, Образов ауылының маңында, жолда апатты жағдай туғызған жылқылар табыны қараусыз жайылып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген полиция қызметкерлері 100 бас жылқыны арнайы айыппұл тұрағына қамады.
Полиция табын иесін анықтады, ол жылқышыны жалдағанын және оған малды сеніп тапсырғанын түсіндірді. Бірақ белгілі болғандай, жылқышы өз міндеттеріне жауапсыз қараған.
Сол күні Надаровка ауылының маңындағы жайылымда қараусыз 22 ірі қара мал жүрді. Иесі 58 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.
– Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 44 жастағы малшы мен 58 жастағы ірі қара мал иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Сонымен қатар полицейлер мал басының иелерімен жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін осындай фактілерді болдырмау туралы алдын алу әңгімесін жүргізді.