Павлодар облысында қараусыз жүрген мал иелері анықталды
Павлодар облысында қараусыз жүрген мал иелері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан аумағында полиция қызметкерлері автожолдарда және жазғы жайылымдарда рейдтер жүргізеді.
– Бүгін Ертіс ауданы Қараөткел ауылының маңында автожолдың жүру бөлігінде полиция қызметкерлерімен қараусыз жайылып жүрген 10 бас мал фактісі анықталды. Олар далада қараусыз жайылып жүріп, кез келген уақытта жолдағы автомобильдердің апатына себеп болуы мүмкін. Полиция малдың иелерін анықтады. Олар Ынтымақ ауылының тұрғындары. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК_нің 408-бабы 1-бөлімі (Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық Пб бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері 3 016 бас иесіз малды айыппұл тұрағына қамап, мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.