Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жүрген малдың иелеріне айыппұл салынды

Павлодар облысында қараусыз жүрген малдың иелеріне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Павлодар облысы Успен ауданының полицейлері мал жаюдың бірнеше жағдайын анықтады.

– Мысалы, жақында сегіз бас ірі қара мал Успенка ауылында, сондай-ақ Павлодар–Успенка – РФ шекарасы автожолының жанында жүрді. 3 сәуірде Белоусовка ауылында 12 жылқы иесіз жайылып жүрді, Таволжан ауылында да осындай факт анықталды. Мұнда алты бас мал бақташысыз жайылып жүрген. Барлық иесіз мал мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, – деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

Жануарлардың иелері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осыған сәйкес әрқайсысына 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру