Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жүрген малдың иесі жауапқа тартылды

Павлодар облысында қараусыз жүрген малдың иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданының полицейлері күн сайын ауыл шаруашылығы жануарларын еркін жаюға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Өткен жылы арнайы айыппұл тұрақтарына полиция 1400-ден астам қараусыз жүрген малды қамауға алды. Ол үшін 300 қаңғыбас мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Полиция мал иелерімен профилактикалық әңгімелер өткізді. Ветеринариялық инспекция қызметкерлерімен бірлесіп малды сәйкестендіру жүргізілді. Құқық бұзушылыққа жол берген әрбір иесіне құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар табыс етілді.

– Егер иесі енгізілген ұсыныс бойынша қабылданған шаралар туралы ескертулерді жоймаса немесе полицияға хабарламаса, онда мал иесі ӘҚБтК-нің 479-бабы (Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау ) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни қабылданған шаралар туралы хабарламағаны немесе құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапқа тартылады. Бұл шара қаңғыбас мал иесін тәртіпке келтіреді,- деді Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Мәселен, Кенжекөл ауылының тұрғыны, шаруа қожалықтарының бірінің басшысы 2022 жылы қаңғыбас мал үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 479-бабы (Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау ) бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына екі материал жіберді, онда 24 қаңтардағы әрбір материал бойынша сот 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру