Павлодар облысында қарбызды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған азамат анықталды
Павлодар облысында қарбызды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстың автожолдарында күн сайын жол қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған рейдтер жүргізіледі. Сондай-ақ рұқсат беру құжаттарының сәйкестігі тұрғысынан ет және басқа да өнімдерді тасымалдайтын автокөлік тексеріледі. Жүргізушілерде тасымалданатын өнімге қажетті тиісті құжаттар болуы тиіс.
– Мысалы, 31 наурызда Успен ауылының маңында полиция қызметкерлері Mitsubishi көлігін тоқтатты. Рөлде 3,5 тонна қарбыз тасымалдаған 69 жастағы жүргізуші болды. Анықталғандай, жүргізушінің өзімен бірге тасымалданатын өнімге тиісті құжаттары болған жоқ. Әрі қарай талқылау үшін жүргізуші мен жүк таситын көлік құралы Успен ауданының салық органына жеткізілді, – деді Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Айта кету керек, бұл жұмыс полицейлермен тұрақты негізде жүргізіледі.