Павлодар облысында қарсы жолаққа шыққан 60 жүргізуші көлік басқару куәлігінен айырылды
Павлодар облысында қарсы жолаққа шыққан 60 жүргізуші көлік басқару куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарсы жолаққа шығу – ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарының бірі. Мұндай маневр қозғалыстың барлық қатысушыларына қауіп төндіреді, сондықтан үздіксіз қиылысудың салдарынан апаттар жиі орын алады, нәтижесінде адамдар жарақат алады немесе көз жұмады.
Мұндай қасақана бұзушылық үшін жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылу арқылы жазаланады.
– 2021 жылдың басынан бері 60 жүргізуші көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігі бойынша басып озу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, барлық тәртіп бұзушылар 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Мысалы, Толстой көшесіндегі патрульдік полиция батальонының инспекторлары жолдың қарсы бағытына шығып кеткен ВАЗ маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 596-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Егер автоәуесқой бір жақты қозғалыспен көшеге шықса, онда жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бұзушылық үшін айыппұл салынады.
Жол қозғалысының тәртіпсіз қатысушылары құқық бұзушылардың негізгі үлесін құрайтынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 12 мыңға жуық азамат жол ережесін бұзған.