Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» сынып сағаттары өткізілуде

Павлодар ауданында полиция қызметкерлері «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында барлық мектептерде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттарын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сабақ достықтың маңыздылығы мен балалар арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімеден басталды. Полицейлер оқушыларға мектеп ішінде және одан тыс жерлерде байқамай бір-біріне қатыгездік пен зорлық-зомбылық көрсетуге себеп болатын жағдайларды ескертіп, олардың салдарын түсіндірді.

Маралды мектебінің оқушылары ювеналды полиция инспекторы Лаура Шакаровамен қызықты әңгіме-дүкен құрып, өмірден алынған мысалдармен бөлісті. Олар бақытты баланың бейнесі қандай болатынын, ал ренжіген немесе ашуланған баланың қандай күйде көрінетінін өз ойларымен жеткізді.

Талқылаудан кейін оқушылар полицейлер мен мұғалімдермен бірге таза ниеттің, амандық пен достықтың, өмірге деген сүйіспеншіліктің символы ретінде сары жүректер мен гүлдер бейнеледі. Бұл шығармашылық жұмыс балалардың мейірімділік пен бейбіт өмірге деген ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, олардың ішкі жан дүниесін ашуға мүмкіндік берді.

Сабақтың соңында оқушылар өз қолөнерін алып, «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз, қорқытуға болмайды!» деген ұранмен өз көзқарастарын білдірді.

– Мұндай іс-шаралар балалардың зорлық-зомбылыққа деген теріс көзқарасын қалыптастырып, салауатты тұлғааралық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті ювеналды полиция инспекторы Лаура Шакарова.

Бұл бастама балалардың қауіпсіздігін арттыруға және зорлық-зомбылықсыз болашақ қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру