Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 7 мыңнан астам жүргізуші анықталды
Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 7 мыңнан астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізуші немесе жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпағасын жарақат алу жағдайлары көп.
Павлодар өңірінде осы жол ережесін бұзушылар аз емес. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері 7339 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Мәселен, Павлодар қаласындағы Малайсары батыр көшесіндегі патрульдік полиция батальонының инспекторлары патрульдеу кезінде Toyota маркалы автокөлікті тоқтатты, оның жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпады. Аталған бұзушылық үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Басқа жағдайда жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі де, жолаушысы да зардап шекті. Кейін екеуі де қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны анықталды.