Павлодар облысында қауіпті жүргізушілерге қарсы жедел шара өткізілуде
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында Павлодар облысы аумағында "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше көңіл бөліп, қызметтік автокөліктерге орнатылған және апаттық қауіпті учаскелерде орналасқан мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің мүмкіндігін барынша пайдаланып жатыр.
Павлодар облысында бір апта ішінде жол қауіпсіздігіне қатысты 908 құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі тіркелгендері:
-
рульде отырып ұялы телефонмен сөйлесу – 137 дерек;
-
тыйым салатын бағдаршам сигналын елемеу – 63 дерек;
-
көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау – 53 дерек.
Сонымен қатар 95 автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушілерді ауа райының өзгерістерін ескеруге, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген жерлерден және қауіпсіз екеніне толық көз жеткізгеннен кейін ғана өтуге шақырады.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көлік жүргізетін тұлғалар жөніндегі ақпаратты 102 нөміріне хабарлауға, "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы немесе Instagram желісіндегі @dp_pavlodar парақшасының директіне жіберуге болады.
