Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ҚАЖ қызметкерлері қос мерекені атап өтті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараны департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Максат Шохаманов ашты. Ол өз сөзінде бұл қос мерекенің әрбір азамат үшін маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерге адал қызметі мен елге деген жанқиярлық еңбегі үшін алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында жас қызметкерлерге алғашқы арнайы атақтар табысталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкер кәсібилігі, бастамашылдығы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік көңіл-күй, ардагерлер мен басшылықтың жылы лебіздері – ұрпақтар сабақтастығы мен Отан тарихына деген құрметтің жарқын үлгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру