Павлодар облысында ҚАЖД қызметкерлері толғағы келген әйелге көмектесті
Павлодар облысында ҚАЖД қызметкерлері толғағы келген әйелге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пост контролері бесінші режим корпусын кешкі тексеру кезінде толғақ белгілері басталған жүкті әйелді көзі шалады. Контролер кезекші бөлімге хабарлап, жедел жәрдем шақырды.
Тергеу изоляторында айтылғандай , босану облыстық перинаталдық орталықта, теріс салдарсыз өтті. Мекемеге оралғаннан кейін ана мен бала барлық коммуналдық-тұрмыстық жағдайлары бар жеке камераға ауыстырылды. Тергеу изоляторына жүкті әйел жүктіліктің тоғызыншы айында келді. Босану асқынусыз өтті, баланың денсаулығы қанағаттанарлық.
Босанған әйелдің өзі атап өткендей, қызының дүниеге келуі оған күш берді, тезірек босатылуына үлкен мотивация пайда болды. Қызының осы уақыт бойы қасында болған Жұлдыз есімді қызметкердің есімімен атады. Тергеу изоляторларының қызметкерлері сәбиге арналған жейделер, санитарлық-гигиеналық керек-жарақтарды сатып алды. Мекеменің заңгері туу туралы куәлікті алуға көмек көрсетті.
– Енді біздің міндетіміз – ананың баламен мекемеде болуының қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету. Баланы күту үшін барлық қажетті заттар сатып алынды, ал нәрестенің денсаулық жағдайы тергеу изоляторының медицина қызметкерлерінің бақылауында, – деп атап өтті мекеме бастығының жалпы сұрақтар және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары Темирлан Жуматаев.