Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкендер жауапқа тартылды

Павлодар облысында қоғамдық орында ішімдік ішкен азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамда мораль мен этика нормалары бала кезден қалыптасады, бірақ кейбір тұрғындар қарапайым әдеп ережелерін ұмытып, тәртіпсіздікке жол береді.

– Полицияға Ақсу қаласының тұрғыны Әуезов көшесі, 34 үй мекен-жайында белгісіз тұлғалардың  спирттік ішімдіктер ішіп отырғаны туралы хабарлаған. Қоғамдық орында спирттік ішімдіктер ішіп отырған тұлғалардың жеке бастары анықталды, олар Ақсу қаласының тұрғындары болып шықты. Төрт құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434, 440-баптары бойынша қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков.

Айта кету керек, 2021 жылдың қаңтар айында Павлодар облысының 83 тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру