Павлодар облысында қоғамдық орындарда мас күйде болған азаматтар жауапқа тартылды
Павлодар облысында қоғамдық орындарда 3 мыңнан астам ішімдік ішкен тұлғалар жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алкоголизмнің алдын алу және алкогольдік ішімдіктерді тұтынуды азайту - азаматтардың денсаулығын сақтаудың маңызды факторы.
Сондықтан қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу фактілерін анықтау және жолын кесу полицияның өзекті міндеттерінің бірі.
— Өйткені, алкогольді асыра пайдалану отбасылық дау-дамайға, бұзақылық әрекеттерге, ұрлыққа және басқа да көптеген ауыр қылмыстарға алғышарттар жасайды, — Павлодар облысының ПД.
Мысалы, полицияға Малайсары батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам мас күйінде екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Басқа жағдайда Құдайбердиев көшесінде азаматтар шағымданды. Кешке көпқабатты үйдің терезелерінің астында ер адамдар спирттік ішімдіктер ішкен. Бұл жерге патруль жіберілді, ер адамдар УБДО-ға жеткізілді, онда әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жыл басынан бері ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін полицейлер 3196 ішімдік ішетіндерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция — қылмыс объектісі немесе құқық бұзушы болмас үшін алкогольдік ішімдіктерді ішпеуге шақырады. Егер сіз қоғамдық тәртіпті бұзудың куәгері болсаңыз, бұл туралы полицияға хабарлаңыз.