Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоғамдық орындардағы қылмыс төмендеген

Павлодар облысында қоғамдық орындарда қылмыстың төмендеуі байқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция ведомствосында алты айдың қорытындысы шығарылды.

– Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеудің 271 фактіге немесе 11%-ға артуына қарамастан, кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, оның ішінде пәтер тонау, көлік құралдарын ұрлау, мал ұрлау фактілерінің азаюы байқалады, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Полиция ведомствосының басшысы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 4%-ға және мас күйінде  жасалған қылмыстар 16%-ға төмендегенін атап өтті.

Өткен жылдың деңгейінде отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың 81%-ға немесе 9 фактіге, ал кәмелетке толмағандарға қатысты 13 фактіге немесе 37%-ға өсуіне жол берілді.

– Кісі өлтіру, тонау және зорлауда жүз пайызға қол жеткізілді. Жедел бөлімшелер 126 есірткі құқық бұзушылықтың жолын кесті, заңсыз айналымнан 40 кг-нан астам есірткі, оның ішінде 2,8 кг-ға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, – деді Василий Скляр.

Сонымен қатар ведомство бастығы жеке құрамнан жоғары назар аударуды талап ететін алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық теріс қылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы әңгімелесу жүргізу бойынша қызмет басшыларына тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру