Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқан азаматтар марапатталды

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бірлескен жоспарды іске асыру шеңберінде полицияның сервистік учаскелік пунктінде полицияға жәрдем көрсеткен павлодарлықтарды марапаттау іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамыр сағат 17.41-де Жумашева Динара полицияға хабарласып, Ткачев көшесі 10 мекенжайындағы үйдің төртінші қабатындағы үйлердің бірінде 3-4 жас аралығындағы бала екінші күні торсыз терезеде тұрғанын хабарлады.17 мамыр сағат 15.05-те Бастрыков Станислав полицияға хабарласып, Баян батыр көшесі 5 мекенжайындағы үйдің бесінші қабатында пәтер терезесінен екі жас бала сұғалап жүргенін хабарлады. Аталған шақырулар бойынша полиция қызметкерлері дереу жіберілді, ата-аналарына хабар берілді.

– Павлодарлықтардың хабарларының арқасында қайғылы оқиғаларға жол берілген жоқ. Мен сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз үшін ризамын және мұндай патриоттармен елде жазатайым оқиғалар аз болатынына сенімдімін. Құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен азаматтарды көтермелеу – полицияның ең жақсы дәстүрлерінің бірі. Бұл азаматтар мен полицейлердің өзара іс-қимылының тиімділігін айқын көрсетеді, – деді облыстық полиция ведомствосының басшысы Василий Скляр.

Полициядан басқа, Динара мен Станиславты облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко құттықтады. Айта кетейік, бұған дейін полиция департаменті мен облыстык мәслихат депутаттары осы жылға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу және өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бірлескен жоспарға қол қойған болатын, оның шеңберінде ішкі істер органдарына жәрдем көрсеткен азаматтарды көтермелеу жүргізілген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру