Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қорғау нұсқамасын бұзған тұрғын қамауға алынды

Павлодар облысында қорғау нұсқамасын бұзған тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сервистік полиция – құқықтық тәртіп саласындағы проблемаларды бірлесіп анықтау және шешу үшін мемлекеттік институттар мен азаматтар одағы негізі болатын қоғамның қауіпсіздік моделінің элементтерінің бірі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне де өзгерістер енгізілді. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғау үшін жәбірленушілердің мәлімдемесі міндетті емес. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Сонымен қатар кінәлі осындай фактілерді қарау кезінде сотта қайта татуласу құқығынан айырылады. Осылайша, Успен ауданының қорғаныс нұсқамасын бұзған тұрғыны тұрмыс саласындағы құқық бұзушылық үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

– Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және ауыл тұрғынының қауіпсіздігі мақсатында құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауына байланысты 2023 жылғы 19 шілдеде құқық тәртібінің сақшылары ауыл тұрғынының бұрынғы жұбайына қатысты 10 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымын шығарды. Алайда 24 шілдеде ауыл тұрғыны бұрынғы жұбайына келіп, жанжал шығарды, осылайша қорғау ережесін бұзды. Осы бұзушылық үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам он тәулікке қамауға алынды, – деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

Полицейлер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына ауысқанын еске салады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2-баптары бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру