Павлодар облысында қос азаматтыққа қатысты заң бұзушылықтар тіркелді
Павлодар облысында қос азаматтықтың 1047 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан заңнамасына сәйкес азаматтарға қос азаматтық алуға қатаң тыйым салынады. Егер азамат басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ол 30 күн ішінде көші-қон қызметі органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу рәсімін ресімдеуі қажет. Алайда тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар шетел азаматтығын алғанымен, бұл талапты орындамайды. Соның салдарынан заңсыз қос азаматтыққа жол беріледі.
Екінші азаматтық алудың негізгі себептері – тек еркін жүріп-тұру ғана емес, сонымен бірге материалдық пайда табу мүмкіндігі. Мәселен, зейнетақы тағайындау, жәрдемақы алу немесе басқа да әлеуметтік төлемдер.
Биыл Павлодар облысында қос азаматтықтың 1047 фактісі әшкереленді. Оның ішінде басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы уақтылы хабарламағаны немесе Қазақстан азаматтығынан айырылғаннан кейін де ҚР құжаттарын пайдаланғаны үшін 28 адам жауапкершілікке тартылды.
— Сондай-ақ Германия, АҚШ, Түркия, Польша, Испания және Чехия мемлекеттерінің азаматтығын алған қазақстандықтар тарапынан азаматтықтан айырылу фактілері тіркелді, – деді Павлодар облысы ролиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.