Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Павлодар облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полицейлер биылғы жылдың 11–13 желтоқсан аралығында өңір аумағында өткізілген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады.

Үш күн ішінде жедел іс-қимыл нәтижесінде "ізін суытпай" 31 қылмыс ашылды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 8 қылмыскер және бұрын ұрлық жасағаны үшін есепте тұрған 32 адам ұсталды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 1 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Атап айтқанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрудың 399 фактісі анықталды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 153 адам жауапқа тартылды, ұсақ бұзақылықтың 21 дерегі тіркелді, ал көлік құралын мас күйінде басқарудың 16 жағдайы белгілі болды.

Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қоғамдық орындарға мас күйінде келген 366-дан астам адам бейімдеу және детоксикация орталықтарына жеткізілді.

Полиция жедел-профилактикалық іс-шара аяқталғанымен, өңірде қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамда тек өз көзқарасы мен көңіл күйіне ғана емес, айналасындағылардың пікірін ескере отырып, белгіленген өмір сүру нормалары мен тәртіптеріне сай әрекет етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру