Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында 1587 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1587 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақ полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтауын қадағалайды.
– Полиция шетелдік жұмыс күші мен қала сыртындағы азаматтардың тұруын анықтау үшін шалғайдағы нүктелер мен шаруа қожалықтарын тексеруді жүзеге асырады, – дейді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Нәтижесінде қоғамдық орындарда алкоголь ішкен, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен, жылдамдықты асырған және басқа да ұсақ бұзақылық фактілер бойынша құқық бұзушылар жазаланады.
– Біздің жолдардағы ең өзекті мәселе – мас күйінде көлік жүргізу. Бұл факт. Мас жүргізушілер көбінесе адам шығынына әкеліп соғатын апатқа ұшырайды. Мас күйінде болған 34 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті спикер.
Мысалы Павлодар-Шарбақты автожолында полиция қызметкерлері Nissan автокөлігінің оғаш маневрлеріне назар аударды. Шетелдік көлік жол жиегіне шығып, жолға қайта оралып жүрген. Белгілі болғандай, жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Сонымен қатар оның өткен жылдың маусым айында мас күйінде басқарғаны үшін ұсталғаны анықталды және бұл жолы да қайтадан мас күйінде көлік жүргізген.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, қылмысқа қарсы күреске, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 маусымға дейін жалғасады.
Полиция департаменті азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.