Павлодар облысында қылмыс саны төмендеді
Павлодар облысында қылмыс саны төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақта жыл басынан бері қарақшылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы мен бұзақылықтың төмендеуі байқалады.
– Мүдделі қызметтермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп меншікке қарсы қылмыстардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Патрульдік полицияның жұмысы күшейтілді, жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Маршруттық автобустарда қалта ұрлығын болдырмау мақсатында профилактикалық роликтің аудио ойнатылуы болады. Кешенде өткізілетін іс-шаралар қылмыстарды азайтуға ықпал етеді, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Бүгінгі таңда алаяқтық, оның ішінде интернет арқылы алаяқтық өте өзекті мәселе. Алдын алу мақсатында полицейлер ұйымның, кәсіпорындардың, мекемелердің ұжымдарымен кездесулер өткізеді, онда негізгі тәсілдер мен сақтық шаралары түсіндіріледі. Атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтар полицияға жүгіне алатын ескерту сипатындағы ақпараты және байланыс телефондары бар тиісті жадынамалар әзірленіп, тұрғындар арасында таратылады.
Халықпен жиындарда басшылық пен учаскелік бөлімшелер азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Полиция қызметкерлері ұрланған қаражатпен операцияларды жүзеге асыруға жол бермеу, сондай-ақ шоттарды уақтылы бұғаттау мақсатында банк өкілдерімен тұрақты негізде жұмыс кездесулері мен семинарлар өткізеді.