Павлодар облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды
Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Песчаное ауылындағы №1 мектепте кадет сыныбы ашылды. Оған қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицей Фарид Какабаевтың есімі берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ашылу салтанатына батырдың туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция басшылығы, жас полицейлер мен мектеп оқушылары қатысты. Қатысушыларға полицейдің ерлігі мен өмір жолы, қызмет еткен жылдары туралы айтылды.
18 жылдық қызмет барысында Фарид Какабаев қызмет көрсеткен учаскедегі әріптестері мен тұрғындар арасында үлкен құрметке ие болды. Ол жоғары іскерлік пен кәсіби қасиеттері арқылы төтенше жағдайларда өзін-өзі бақылауды жоғалтпады, өз бетінше жауапты шешімдер қабылдай алды, үнемі жаңа және озық жұмыс істеді.
– Фарид Какабаев 2008 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болды. Түннің бір уағында ол учаскелік инспектор болған Қашыр ауылында төбелеске шақырылды. Шақыруға келген соң, мас күйінде төбелеске қатысушылардың бірі қызды зорламақ болғанын анықтады. Фарид Какабаев пен оның жолдасы қылмыскерді іздей бастады, оны тапқаннан кейін полиция қызметкерлері оған жағдайды анықтау үшін аудандық бөлімге баруды ұсынды.
Алайда ол мектеп-интернатқа қарай жүгірді, онда ол өрт сатысымен көтеріле бастады. Оны қуып келе жатып, Фарид Какабаев өрт сатысымен соңынан көтеріле бастады, осы кезде құқық бұзушы төбесінде жатқан бетон плитаны сырғытып, оны учаскелік полиция инспекторына лақтырды. Тәртіп сақшысы алған дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Фарид Какабаев демалыста болғанына қарамастан қызметтік борышына адал болып, құқық бұзушыны өз өмірінің құнымен ұстау бойынша барлық шараларды қабылдады. Қызметтегі жетістіктері үшін бірнеше рет грамоталармен марапатталды, екінші және үшінші дәрежелі «ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін» медальдары, сондай-ақ ІІБ мен АІІБ-нің көптеген көтермелеулері бар.
Кадет сыныбын құрудың мақсаты – жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, пайдалы дағдыларды дамыту. Кадет сыныбына болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді, Отан қорғаушы болуды армандайтын үздік оқушылар таңдалды. Балаларға кез-келген деңгейде әскери істің негіздері үйретіледі. Салтанатты жағдайда оқушыларға куәліктер табысталды. Қайтыс болған полиция капитанының туыстары полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қайтыс болған офицерге көңіл аударғаны үшін алғыс айтты.