Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан шығарылды

Павлодар облысында Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ресей Федерациясының 48 жастағы азаматы Павлодар облысының Ертіс ауданының аумағында жүргенде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзған, ер адам көші-қон заңнамасы мен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мәселен, ер адам қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкен үшін бірнеше рет ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін қорғау мақсатында Ертіс ауданының Көші-қон қызметі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шетелдік азаматты елден шығару туралы сотқа жүгінді, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Ертіс аудандық сотының 2021 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен полиция бөлімінің өтініші толық көлемде қанағаттандырылды. Ресей Федерациясының азаматы елден шығарылды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бастап павлодарлық полиция қызметкерлері сот шешімдері бойынша 12 шетелдік азаматты елден шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру