Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сілеусін мен елік аулаған 9 ер адам ұсталды

Павлодар облысында сілеусін мен елік аулаған тоғыз ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін 9 ер адам ұсталды, олардың үшеуі – Алматы қаласының тұрғындары.

Сондай-ақ, ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі және еліктің бір ұшасы тәркіленді. Факт 2 қаңтарда орын алғаны анықталды.

Айта кету керек, Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған, ал елік аулауға 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызына дейін тыйым салынған.

Полиция заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Сараптама тағайындалды.

2021 жылы табиғатты қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 481 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру