Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сотталған хоббиі арқылы дағдыларын жетілдіруде

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №63 мекемесінде Дүниежүзілік радио күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында радиотехникаға ерекше қызығушылық танытып жүрген сотталған азаматтың хоббиі үлгі ретінде көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол радиоқабылдағыштардың құрылысын өз бетінше зерттеп, радиобайланыс тарихын оқып, құрылғыларды жөндеумен айналысады. Радиоға деген қызығушылығы жастайынан басталған. Бүгінде бұл әуестік оған уақытты тиімді өткізуге, білімін толықтыруға және техникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

Сотталған азамат радионың даму кезеңдерін, алғашқы таратқыштардың пайда болуын және радиохабар таратудың маңызын жақсы біледі. Оның айтуынша, радио – адамдарды біріктіретін, сенімді ақпарат пен рухани қолдау беретін маңызды құрал.

Мекеме қызметкерлері мұндай пайдалы қызығушылықтар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер ететінін атап өтті. Пайдалы іспен айналысу – болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды қадамы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру