Павлодар облысында сотталған мекемеге телефон жасырып кіргізбек болды
Павлодар облысында сотталған мекемеге телефон жасырып кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында қалаға шыққан №44 қауіпсіздігі төмен мекемесінің сотталғаны аяқ-киімінің табанына телефон жасырып, мекеме аумағына өткізуге тырысты.
Мекеме қызметкерлері бұл әрекетті дер кезінде тоқтатып, телефонды тәркіледі. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.
Мекеме әкімшілігі қатаң қауіпсіздік шараларын сақтауға және жазасын өтеушілердің құқықтық тәртібін қадағалауға ерекше назар аударады.