Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сотталғандар туыстарымен кездесті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №63 мекемесінде жазасын өтеушілер туыстарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №63 мекемесінде жазасын өтеп жатқан шаруашылық қызмет көрсету отрядының мүшелері үшін ерекше күн болды. Олардың туыстарымен кездесуге мүмкіндік жасалды. Сол күні мекеменің есігі осы отрядта еңбек ететін 21 адамды қолдауға келген 40 туыс алдында айқара ашылды.

Кездесу барысында туыстар жазасын өтеушілердің тұру жағдайымен, медициналық және тұрмыстық қамтамасыз ету деңгейімен, сондай-ақ олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған бағдарламалармен танысты.

Мекеме бастығы Берік Рахимов, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Александр Тюменцев және отряд бастығы Алтынбек Сакенов отрядтың жұмысы мен әлеуметтік бейімделу және реабилитация бағдарламаларының маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Қонақтар мекемедегі тұрғын жайлар мен асхананы, демалыс бөлмелерін аралап, жазасын өтеушілермен ашық әңгіме құрды. Кездесу барысында аналар мекеме әкімшілігіне осы мүмкіндікті ұйымдастырғаны және балаларымен байланыс орнатуға жағдай жасағаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

– Ұлдарымызды көру, оларды құшақтап, денсаулығы, көңіл-күйі және болашақ жоспарлары туралы сөйлесу біз үшін өте маңызды, – деп аналар тебірене сөйледі.

Тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Александр Тюменцев мұндай кездесулердің жазасын өтеушілерге өткен өмірін қайта зерделеп, алдағы өмірге үмітпен қарауға күш беретінін атап өтті.

– Отбасының қолдауы мен жылуы олардың туыстық байланыстардың қадірін ұғынып, жаңа өмірге ұмтылуына серпін береді, – деді А. Тюменцев.

Кездесудің соңында жазасын өтеушілер туыстарымен бірге дастарқан басында шай ішіп, еркін әңгімелесіп, ой бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру