Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сотталғандар жұмыспен қамтылған

Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №44 (қауіпсізідігі ең төмен) мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар «ТЫНЫС» ЖШС-ға жұмысқа орналастырылған. Олар еңбек шарты бойынша жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс неміс технологиясы бойынша М200 брендінің танымал өнімдері шығарылатын модульдік зауытта жүзеге асырылады. Өнім сұранысқа ие, тауар сапалы. Сотталғандар жалақы алып, қарыздарын өтейді, отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.

– Мекемеде жұмыс істеп жатқанымызға екі жылдан асты. Бүгінгі таңда 65 сотталғанды жұмысқа қабылдадық. Олардың барлығы әртүрлі қызметпен айналасады. Жұмысшыларға шағым жоқ. Жеткізу бар, түскі аспен қамтамасыз етеміз. Сотталғандардың жалақысы 120-130 мың теңге шамасында, – дейді ЖШС басшысы Валерий Филяев

– Мұнда жұмыс істеп жатқаныма бір жылға жуық уақыт болды.  Жұмыспен қамтамасыз еткен мекеме басшылығына алғысым шексіз, – дейді сотталған азаматтардың бірі.

Жалпы, бұл мекемеде 340 сотталған азамат жазасын өтеуде. Олардың 279-ы әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру