Павлодар облысында сотталғандарға есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Павлодар облысында №45 мекемесінің сотталғандарына есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының оңалтандыру орталығына есірткі бойынша химиг маманы Чудинов Виталий шақырылды. Сотталғандарға арнайы бейнебаян және түсіндірме сабақтары мен сұрақ жауап викторина жүргізді. Жыл сайын нашақорлыққа тәуелді біршама адам қаза болады.
Виталий Владимировичтің айтуынша, дамыған заманда есірткілердің де бір шама түрлері бар, оның ішінде жасөспірімдер арасында спаис және синтетикалық есірткілер.
Сотталғандар арасында 15-20 жылға есірткі қылмысы үшін отырғанғандарда болды. Оңалтандыру орталығында әртүрлі жағдайда өмір баяндарымен адамдардың емделуі жайлы, сонымен қатар есірткінің ЖИТС ауруына әкеп соғатындығы туралы атап өтті.
Сұхбат соныңда сотталғандар өздерінің бастан өткен өмір баяндарымен бөлісті. А. есімді сотталған өзінің есірткіге 15 жыл тәуелді болғанын айтып, қалай онымен күресе білу жайлы және есірткінің кесірінен отбасымен және темір торға қалай түскені жайлы баяндап берді.
Сұхбат соныңда Виталии Владимирович сотталғандарға тек сәттілік және дұрыс жолды таңдай білу, отбасы мен туған-туыстарының амандығымен аман-есен босатылуларын тіледі.