Павлодар облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 35 дерегі анақталды
Павлодар облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 35 дерегі анақталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Браконьерлік фактілердің, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 35 жолын кесті.
- Бұдан басқа, азаматтар заңсыз аң аулау және заңсыз ағаш кесу ережелерін бұзды, олардан құқық бұзушылық жасау құралдары тәркіленді. Құқық бұзушылардың автокөлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды, - деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті.
Мәселен, Ертіс ауданындағы Ертіс өзенінің жайылмасында ауыл тұрғыны тыйым салатын құралмен, атап айтқанда Қытай өндірісінің моно ауымен балық аулауды жүзеге асырды. Полицейлер моно ау мен бурды тәркіледі.
Успен ауданының Лозовое ауылының тұрғыны көлдің су қоймасында алкоголь ішіп, балық аулау ережелерін бұзды. Ауыл тұрғындары балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. Сот шешімімен әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Ведомствода балық аулау ережелерін бұзу 10-нан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салды. Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалса, онда 20-дан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.