Павлодар облысында табиғатты қорғау полицейлері 200-ден астам рейд жүргізді
Павлодар облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау полицейлері 200-ден астам рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
(Браконьерлікке жол жоқ: 0:35 – 1:53)
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тоқтатты. Рульде 22 жастағы жүргізуші болған. Оның көлігінің салонында жалпы салмағы төрт келі бекіре балығы табылды. Сол күні Павлодар ауданындағы ауылдардың біріндегі жеке үйде 57 жастағы ер адамнан 149 дана бекіре тәркіленді.
Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтардың бір килограмын аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салады.